Жаңалықтар 

22-тамыз Д. Қонаевтың дүниеден озған күні

Бүгін Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың қайтыс болғанына 19-жыл болды. Еске алу рәсіміне қатысушылар Д. Қонаевтың кеуде мүсінінің жанына гүл шоқтарын қойды. Республиканың бұрынғы көшбасшысына тағзым етуге келгендер арасында оның, үзеңгілестері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, Шымкент әкімшілігінің, Д. Қонаев атындағы мұражай, әр түрлі қоғамдық ұйым өкілдері болды. Түскі сағат 13-00 де «Наурыз» тойханасында ас берілді. Дінмұхаммед Қонаев – кеңестік мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, 1960 – 1962 жылдары Қазақ ССР Коммунистік партиясының ОК бірінші хатшысы. 1964-1986 жылдары КОКП ОК саяси бюросының мүшесі болды. Үш дүркін Социалистік еңбек…

Read More
Жаңалықтар 

Қоғам және мемлекет қайраткері Марс Үркімбаев дүниеден өтті

73 жасқа қараған шақында белгілі Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері жерлесіміз Марс Фазылұлы Үркімбаев дүниеден өтті. Ол механик-техника ғылымның докторы, профессор, халықаралық және ұлттық инженерлік академияның академигі, СССР-дің мемлекеттік премияларының иегері, халықаралық және Қазақстандық Университеттерінің еңбегі сіңген профессоры, Қазақстан Республикасының патриот тұрғыны болатын. Ол сонымен бірге өз мамандығына адал, елінің болашағы үшін аянбай еңбек еткен азамат еді. Марс Фазылұлы 1939 жылдың 23-қарашасында дүниеге келген. Қазақстанның химия- технологиялық институтының механика факультетін тәмамдаған. 1962 жылдан бастап кафедра меңгерушісі әрі доцент қызметін атқарған. Кейін дәл осы оқу орнының деканы болған. Ал 1973 жылы…

Read More
Жаңалықтар 

Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл

Бүгін аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 100 жыл. Осыған орай, Шымкентте бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Ұлы тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойған жұртшылық, қоғам қайраткері туралы орамды ой қозғау үшін ғылыми-теориялық конференция өткізді. Алатаудай заңғар тұлға, ұлы қайраткер, кемеңгер ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Алаш тарихынан алатын орны ерекше. Өз заманнының перзенті болған Қонаевтың есімі мәңгілік халықтың жүрегінде. Қоғам қайраткері республиканы басқарған жылдары экономика еселеп өсіп, жаңадан 43 қала салынды, облыстардың саны 19 жетті. Бүгінгі аға буын өкілдері қиын қыстау кезеңде еліне адал болған ұлы ұстазды мәңгі…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкенттегі бұрынғы Сухэ батыр көшесі Жұмабай Шаяхметов есіміне ауыстырылды

Шымкентте жаңа көше пайда болды.  Бүгін мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметов тұрған үйдің  қабырғасына мемориалдық  тақта орнатылды. 1938-54 жылдар аралығында Қазақстанды басқарған азаматтың есімі осы көшеге екі жыл бұрын қалалық мәслихаттың шешімімен берілген болатын. Еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан Шаяхметовтің еңбегін кейінгі ұрпақ ұмытпауы тиіс дейді аға буын өкілдері. Жұмабай Шаяхметов елді басқарып тұрған кезеңдерде қазақ жастары Мәскеу мен Ленинградта білім алып, аспиранттар мен доктаранттардың қатары көбейе түсті. Қазақстанда жаңадан көптеген зауыттар мен фабрикалар іске қосылды. Темір жол салу да қолға алынды. Өзге де салаларда алға ілгерілеушілік байқалды. Бұл орайда Жұмабай…

Read More