Кентаулықтар өздерінде өндірілген сүтті ішеді Компания жаңалығы 

Кентаулықтар өздерінде өңделген сүтті ішеді

«Кентау сүт өнімдері» өз тұтынушыларының сұранысын қанағаттандырып келеді. Ағарғаннан тоғыз түрлі өнім өндіретін шағын цех сапалылығымен өзгелерді басып озды. Бүгінгі таңда кенді шаһардағы балабақшалардың басым бөлігі «Жеті жарғы» сүт цехының ағарғанын тұтынады. Шағын сүт өңдеу цехының өкілдері енді өнімдерін Шымкентке тасуға ниетті. Күнделікті 420 грамм сүт ішетін балақайлар ағарғанның пайдасын жақсы біледі. Өйткені, балабақшадағы тәрбиешілері сапалы өнімді дұрыс таңдай білген. Тез бұзылатын өнімді алыстан тасымай, өздеріндегі сүт өңдеу цехының өнімін тұтынуды жөн санаған. Нәтижесінде балаларға сапалы сүт ішкізіп, отандық өнімге қолдау көрсетіп отыр. Хаят Атаметова, «Дәуір» балабақшасының медбикесі: «Ес-Марияә сүті…

Read More