Түнгі Шымкент жарқырай түсті АНОНС Жаңалықтар 

Түнгі Шымкент жарқырай түсті

Шымкенттің түндері-ай! Енді Шымшаһарды дәл осылай деп, әнге қосуға болады. Өйткені облыс орталығының көшелері түнгі мезгілде жарықтана түсті. Әсем шамдар көрік беріп қана қоймай, қала тұрғындараның кауіпсіздігін де қамтып отыр. Шынында да түнгі Шымкент күндізгіден әлдеқайда шырайлы. Көліктердің шамымен шағылысқан жол жиегіндегі шамдардың қуаттылығы күшейген. Сала мамандарының айтуынша, шамдардың қуаттылығы артып қана қоймай, электр үнемдегіш қасиеті 40 пайызға артқан. Ал бұл — бюджет қаражатын үнемдеудің бірден бір жолы. Жол бойындағы бағаналар мен шамдардың көбеюі ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осылайша 1020 аула, 32 гүлзар және 8 саябақтағы жарықшамдардың саны…

Read More
Қараңғы аула - қылмыс ордасы Жаңалықтар 

Қараңғы аула — қылмыс ордасы

Шымкенттің бірқатар аумақтары қараңғы түнекте қалып отыр. Аулаларға тартылған жарық сөніп, соның салдарынан қылмыстық ахуал күрделеніп барады. Онсыз да криминогенді аумақ саналатын теміржол вокзалы маңайындағы тас түнек, жығылған үстіне жұдырық болып отыр. Қараңғылықты пайдаланған қаскөйлер қалың қауымның есік алдындағы көліктерін тонап кетуде. Аулалары апталап тас түнекте болатын тұрғындар қазір қас қарая үйден шығуға қорқады. Өйткені тіршілігі қайнаған теміржол вокзалының маңы кешкісін маскүнемдердің ордасына айналған. Әкесінің үйінде жатқандай, кіреберістегі орындыққа жайғасқандардың талайын кездестіруге болады. Қылмыстың да ортасы осы дейді тұрғындар. Ауладағы қараңғылықтың кесірінен соңғы кезде қылмыстың да өршіп кеткенін жасырмайды қалың…

Read More