ЭКСПО-2017 көрмесінің туристік аймағы ашылды Компания жаңалығы 

ЭКСПО-2017 көрмесінің туристік аймағы ашылды

11 қараша күні Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің туристік аймағы ашылды. Туристік аймақ күні кеше халықаралық көрме өткен жерде орналасқан. Мұнда жасыл технология мен ерсілі-қарсылы ағылған туристер легі жарасым тауып отыр. «Болашақтың музейімен» үйлескен «Нұр Әлем» павильоны, тақырыптық павильондар, үздік тәжірибе аймағы, конгресс орталығы, энергия холы мен АРТ-орталығы толықтай дерлік жұмыс істеп жатыр. Бұл нысандардың бәрі де осында ашылған туристік кешеннің негізіне айналған. Барлығы толық тәртіпте қызмет көрсетеді. Демек, Елбасының ең басты тапсырмасы да орындалады деп мәлімдеді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов. Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық…

Read More