Жаңалықтар 

Шымкенттегі бұрынғы Сухэ батыр көшесі Жұмабай Шаяхметов есіміне ауыстырылды

Шымкентте жаңа көше пайда болды.  Бүгін мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметов тұрған үйдің  қабырғасына мемориалдық  тақта орнатылды. 1938-54 жылдар аралығында Қазақстанды басқарған азаматтың есімі осы көшеге екі жыл бұрын қалалық мәслихаттың шешімімен берілген болатын. Еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан Шаяхметовтің еңбегін кейінгі ұрпақ ұмытпауы тиіс дейді аға буын өкілдері. Жұмабай Шаяхметов елді басқарып тұрған кезеңдерде қазақ жастары Мәскеу мен Ленинградта білім алып, аспиранттар мен доктаранттардың қатары көбейе түсті. Қазақстанда жаңадан көптеген зауыттар мен фабрикалар іске қосылды. Темір жол салу да қолға алынды. Өзге де салаларда алға ілгерілеушілік байқалды. Бұл орайда Жұмабай…

Read More