Жаңалықтар 

«Жолдау қабылдау» акциясы басталды

Республика көлемінде «Жолдау қабылдау» акциясы басталды. «Нұр Отан» партиясы ұйтқы болған шара аясында жол қауіпсіздігіне баса көңіл бөлінбек. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері әкімшілік полиция басқармасының мамандарымен бірігіп, жүргізушілерге түсініктеме берді. Акцияға қатысушылар полиция қызметкерлерінің қызметін бағалап, жолдың сапасына қатысты сауалнама парақшасын толтырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жол көлік апаттарын алдын алуға ықпал етеді. Бүгіннің өзінде ережені өздері сақтамайтын тәртіп сақшыларына сын көп болды.   Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар жол-көлік апаттарын алдын алуға ықпал етеді. Алайда атқарылған жұмыстың нәтижесі көңіл көншітпейді. Статистикаға сүйенсек, ОҚО — жол-көлік оқиғалары көрсеткіші бойынша республикада көш…

Read More
Жаңалықтар 

«Жолда қабылдау» акциясы барысында жүргізушілердің құқығы түсіндірілді

«Жолда қабылдау» атты республикалық акция Шымкентте де өтті. Шараны «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бірлесе жүргізді. Осы акция барысында ұйымдастырушалыр шымкенттік көлік жүргізушілерінің көбінің өз құқықтарын біле бермейтінін байқады. Жол сақшылары тоқтатқан кейбір көлік жүргізушілері құжаттарын ала жүгірді. Ал кейбірінің, тіпті, мазасы қашты. Бірақ, олар жай ғана саулнамаға жауап алу үшін тоқтатылған еді. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының мәлімдеуінше, жүргізушілердің полиция қызметкерінің алдына жүгіріп баратыны өздерінің құқықтарын толық білмейтінін көрсетеді. Өмірзақ Мелдеханов, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы: «Біздің азаматтарымыздың көпшілігі өздерінің құқықтарын біле бермейді….

Read More
Жаңалықтар 

«Жолда қабылдау» акциясы өтті

 Шымкентте «Жолда қабылдау» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Қала жастарын жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жол апатының алдын алуға шақырған бұл жолғы шара «Нұр Отан» партиясының ұйымдастырумен өтті.  Жиналған жастар жол сақшыларын сұрақ астына алды. Кейде заңды белшеден басатындарын да бетіне басты. Жол апатын алдын алу үшін, қызметке адал әрі талапқа бағыну керектігі сөз болды. Сондай-ақ, жолды кесе-көлденең өтетін жаяу жүргіншілердің мәселесі де шет қалмады. Жиын соңында көшеде қабылдау өтіп, жастар анкеталық сұрақтарға жауап берді.  Ғалымжан Есімов, әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық бөлімінің басшысы: «Тек полиция қызметкерлері емес, қоғамның басқа да мүшелерін, студенттерді,…

Read More