АНОНС Жаңалықтар 

«Жылжымалы қымызхана» — ЭКСПО-да көпшілік назарына ұсынылмақ

Елбасыға таныстырылған «Қазақ арбасы». Шымкенттік қолөнерші жылжымалы арбаның бүгінде басқа да түрін жасап шығарған. Алғашында жеміс-жидекке арналған арба жасап машықтанған жерлесіміз Еркінбек Бөкенбаев бүгінде заманауи жабдықталған, қымыз-қымыран сататын жылжымалы киіз үй де жасап шығарды. Жоба авторы — бұл көненің жаңғыруы деп біледі. Дөңгелекті киіз үйде тұрмысқа қажеттінің бәрі бар. Толық жабдықталған. Негізгілерін айтпағанда, күннен энергия алатын панель, тоңазытқыш та бар. Өткен шақ пен осы шақтың жетістігі бір арбаға орнатылған десек те болады. Жоба авторы, техника ғылымдарының кандидаты Еркінбек Бөкенбаевтың айтуынша, бүгінгі көліктердің өзі бастауын дөңгелекті киіз үйден алады. Бұл ежелгі…

Read More