Элиталы мектепке түсемін деген оқушылардың жартысы сыннан сүрінді

Екінші кезең бойынша 2256 оқушы сынақтан өтті
Екінші кезең бойынша 2256 оқушы сынақтан өтті
Екінші кезең бойынша 2256 оқушы сынақтан өтті

Оңтүстіктің ең үздік оқушылары «Назарбаев» зияткерлік мектебіне қабылданып жатыр. Бүгін Шымкентте елдегі ең элиталы мектепке оқушыларды іріктеудің екінші кезеңі басталды. Бірінші кезеңнен өткен 2 жарым мыңға жуық шәкірт әр пән бойынша кем дегенде 9 ұпай жинауы қажет.

Нақтырақ айтсақ, кешегі күні 4028 шәкірт тест тапсырса, соның 2226-сы физика-математика бағыты бойынша, 1802-сі химия-биология бағыты бойынша сынақтан өткен. Нәтижесінде физика-математика бағыты негізінде 1369 бала оң нәтиже көрсеткен. Ал химия-биология бағыты бойынша 887 шәкірт қажетті ұпайды жиған. Яғни, екінші кезең бойынша бүгін 2256 оқушы бақ сынады. Енді осы тапсырмадан өткендердің тізімі 13 қаңтар күні белгілі болады. Қатысып отырған балалардың қаншасы қалары осы күні анықталмақ.

Сөйтіп алғашқы кезеңнің өзінде «Назарбаев» мектебінде оқуға ниеттілердің басым бөлігі сыннан сүрініп, ұятқа қалды. Осыған қарап Оңтүстіктегі білім деңгейін көтеру керек деп санайды емтиханды бақылауға келген мамандар. Ал сүрінбей өткендердің тізімі Астанадағы соңғы шешуші комиссияға жіберілетін болады. Айта өтейік, Назарбаев мектебіне түсу үшін Оңтүстікте 4 мыңнан аса бала құжат тапсырған болатын.

Жанар Жаманқұлова, «Назарбаев» зияткерлік мектебі ДББҰ департамент директорының орынбасары: «Осы жердің 50 пайыз баласының өтпей жатқаныдығы білім саласында жүрген адамдарға ой салу керек деп ойлаймын. Осы жердегі аппеляциялық комиссия мүшелерінің барлығы жергілікті мұғалімдер. Өте жақсы орын алған балалар бар. 60 балдан астам жинаған балалар бар. Әркім өз біліміне сәйкес өз нәтижесін алып жатыр».