Оңтүстік Қазақстан облысының бас сәулетшісі Бақытжан Әшірбаев Қазақстандағы 14 облыстың санын 4-ке қысқартуды ұсынды. Сәулетші өзінің тосын ұсынысын Елбасыға әлеуметтік желілер арқылы жолдады. Ресми ұсыныс хат та әзірлеп қойған.
Оның ойынша, ел аумағында Батыс, Оңтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан облыстары ғана қалуы керек. Сәулетші өз ойындағысын қағазға түсіріп, есебін де жүргізіп қойған. Бақытжан Әшірбаевтың ойынша, аймақтардың аумағын бірнеше облыстарды біріктіру арқылы ұлғайту — елдің тұтастығын сақтауға және тұрғындарын сан көлемі бойынша теңестіруге сеп болады. Ең бастысы, әкімшілік аппараттын саны қысқарады екен.
[youtube]http://youtu.be/0VOq5ZqPdAg[/youtube]