Мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары енді аяқталды. Нәтижесі қандай?

Жыл сайын Шымкентте мектептерге  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 100 мыңдаған қаржы бөлінеді. Алайда кейбір білім ордаларында жүргізілген күрделі жөндеу жұмысының нәтижесіне қарап соншама қаржыға жүргізілген  деп айтуға келмейді.

Қырық  жылдық тарихы бар №26 мектеп алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс білім ошақтарының тізіміне әрең ілінген болатын. Құрылысшылар ғимараттың бір бөлігінде тек терезелер мен есіктерді алмастырған. Ал сыныптардың ішін тек әрлеп-сырлағаны болмаса, толықтай жөндеуді ұмыт қалдырған секілді.

№4 мектептің де жағдайы дәл осындай. Күрделі жөндеуден ғимараттың тек жоғарғы бөлігі ғана өткен. Мектеп басшылығы жаңаланған шатырдан алдағы уақытта жауын-шашан өтпейді деп сендіруде. Білім ордасының тек бір бөлігінде ғана ескі еден мен терезе алмастырылыпты. Ал биыл ғана жөндеу жүргізілген №7 мектепте су мен кәріз жүйесі, шеберхана жоқ.

Айтпақшы, күрделі жөндеуге бөлінген 58 млн. теңгенің тек 50 млн-ы құрылысшылардың еңбегіне жаратылыпты, ал қалған қаржының қашан бөлінетіні әзірге белгісіз.