Дендросаябақ басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді 

1

Шымкенттегі дендросаябақ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Қалалық антикор мәліметінше, А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты 14,7 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департамент басшысының хабарлауынша, тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.
Қылмыстық іс қала прокуратурасымен сотқа жолданды.