Ұландар борышын өтеуге аттанды (бейне)

Сарбаздар әнұранды айтуда

Оңтүстіктің ұландары әскерге аттанды. Облыстың барлық ауданынан шақырылған болашақ сарбаздар енді Республикалық гвардияда борышын өтейтін болады.

Бұл күзгі шақырылымның екінші кезеңі. Бұған дейін облыстық әскери комиссариаттан қарулы күштер қатарына жүзден астам сарбаз аттанған еді. Біздің өлкеден жалпы алғанда биыл 4 мыңға жуық әскер жасындағы жасұлан қарулы күштер қатарына жіберілетін болады.

Айта өткен жөн, әскерге алынушыларды салтанатты шығарып салу шарасы Тәуелсіздік аллеясында биыл тұңғыш рет ұйымдастырылды. Бұл жолғы әскерге шақыру науқаны ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлаумен тұспа-тұс келіп отыр.

Әскерге алынушыларды шығарып салу шарасында ата-аналар, Ұлы Отан Соғысы мен ауған соғысы ардагерлері, ақсақалдар болашақ сарбаздарға батасын берді. Сондай-ақ, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге аттанушы жасұландарға әскери билеттер тапсырылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nw2ygipz5o4[/youtube]