Шымкентте жасалған дәрілердің бағасы өзгереді

411

Шымкент химфарм зауыты қайта жаңғырмақ. Бұл мақсатта бақандай 10 млрд. теңге жұмсалмақшы. Жаңа жоба өндіріс орнының өнімдерінің ассортиментін 100 жаңалықпен толықтырып, кемінде жарты мың адамды жаңа жұмыс орнымен қамтымақ. Бұл жоспар төрт кезеңмен іске асады деп жоспарлануда. Мұның бәрі халықаралық стандарттарға сәйкестену мақсатында қолға алынып отыр. Бұл міндеттерді Шымкенттің химфарм зауыты поляктар келгенге дейін межелеген болатын. Ғылыми мүмкіндік пен қаржы мәселесі қолбайлау болғаны жасырын емес. Енді жоспарлар жүзеге асып жатыр.

ОҚО  өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау басқармасының  бөлім бастығы, Хикматулла Раимбеков:

«Химфармда өндіріс аумағын кеңейту бағытында жаңа жобалар іске асырылуда. Польфарма ол жобаларды түзетіп, ұлғайтты. Инвестиция көлемі 26 миллион болатын, қазір өндірістің өзіне 65 миилион көзделген».

Химфармның жаңа қожайындары техникалық-экономикалық бағытта талдау жұмыстарын бастап та кетті. Фармацевтика – күрделі сала. Сондықтан да құжаттардың дайындалуына кемінде бір жыд уақыт кетеді,-дейді мамандар. Есесіне, қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған соң Шымкенттің Химфармы 300-ден астам медицина тауарларын өндіретін болады. Өндіріс орнының басшылығы сапа жаңарған соң, баға да жаңарады деп отыр. Қайта жаңғырту жұмыстарының 1-ші кезеңі 2013 жылы басталмақ. Толығымен жаңғырту жұмыстары 2014 жылы аяқталады деп күтілуде.