Арендалық пәтерді жалға берген

1
фото ШҚӘБҚ

Шымкентте рейд барысында сатып алу құқығынсыз берілген 2 жалдамалы пәтер мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды.

Жоба шарты негізінде баспананы үшінші тұлғаларға беруге рұқсат жоқ. Алайда тұрғындар өз орнына басқа азаматтарды орналастырғаны белгілі болды. Мамандар қазір оларға ескерту жасалып жатқанын айтады.

«Қазір 189 орамдағы №20 үйдің екі пәтері мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды. Оларға 1 ай мерзімге ескерту берілді. Егер жалға алушылар белгіленген мерзім аяқталғанша мақсатты пайдалануды жүзеге асырмаса, тұрғын үйден шығару жөнінде сот органдарына талап арыз беру жұмыстары жүргізіледі», – дейді Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы Жұлдыз Ордабекова.

Айта кетейік, былтыр дәл осындай жағдаймен 2 пәтерді тұрғын үй басқармасы қайтарса, 7 азамат өздері алдын ала бас тартқан. Ал жыл басынан бері тағы 23 жалдамалы пәтер иесі өз еркімен баспанасын мемлекетке тапсырған.