Әкем, анам және мен (PR)

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық академиясында қызықты спорттық жарыс өтті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сында 3 отбасы қатысты. Жүйріктен жүйрік озған дода 7 кезең нәтижесінде қорытындыланды.

20 жұздызды күн аясындағы денсаулық күнін фармацевтикалық академия ұжымы қызықты байқаумен атап өтуді жөн көріпті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткен шарада олар «денің сау болсын десең салауатты өмір салтын ұстан» деп ұрандатты.

Мықты, епті әрі тапқыр отбасын анықтауда 7 байқау бойынша сынақ өткізілді. Арқан тарту, асық ойнау, және ойыншық болса да сәйгүлікте шабу, мергендер сайысы, падуандар жекпе-жегі. Осындай ұлттық ойындар көрерменнің ғана емес, қатысушылардың өзінің де көңілінен шықты.

Жүсіповтер отбасы, сайыс жеңімпазы: Салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлес қосып келеміз. Спортпен өзіміз де балаларымыз да шұғылданып жүр.

3 отбасының арасынан топ жарған Жүсіповтер отбасы болды. Өзге отбасылар да сыйлықтардан кенде болмады. Ал, топта бағы жанған команда жеңісін ел Тәуелсіздігінің торқалы тойына арнады.