«Жан» дуэтінің шығармашылығындағы жаңалықтар

Арулар әні

Өнерде жүргендеріне 3 жыл болған жергілікті «Жан» дуэті жаңа 2012 жылда өз тыңдармандары үшін «Жылама» атты ән жаздырды. Жаңа туындының авторы-топтың әншісі Ерман Шайманов.

«Жан» дуэтінің репертуарында бүгінде 17 ән бар. Олардың 5 бейне клипі бар. Ал жақында «Жан» дуэтінің «Арулар» атты алғашқы үн таспалары жарыққа шыққан болатын. Оның таныстырылымы топтың алғашқы концерттік кешінде өтеді.