Бүгін Шымкенттіктер белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Марс Фазылұлы Үркімбаевты ақтық сапарға шығарып салды.
Ол 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 1992-1993 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған. Ал 1994 жылы еліміздің экономика министрі қызметіне тағайындалған.
Марс Фазылұлы механик-техника ғылымның докторы, профессор, халықаралық және ұлттық инженерлік академияның академигі, СССР-дің мемлекеттік сыйлығының иегері, халықаралық және Қазақстандық Университеттерінің еңбегі сіңген профессоры дәрежелеріне көтерілген.
Марқұммен қоштасу рәсімі Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында өтті. Жиынға келгендер Марс Фазылұлының жарқын бейнесі, жүріп өткен үлгілі жолы көпшіліктің жүрегінде мәңгілік сақталады, десті.