ҰБТ-дан қисынсыз сұрақтар алынып тасталды

394
ҰБТ-ға дайындық

Ұлттық бірыңғай тестілеудің жалпы форматы өзгерген жоқ. Бұл туралы облыстық білім басқармасы ұйымдастырған семинар барысында мәлім болды.

Есесіне, ҰБТ өтетін пунктердегі аудиториялар саны 12-ге дейін қысқарып, саны көп кезекшілер болмайды.

Арайлым Оразымбетова, №47 мектептің 11-сынып оқушысы: «Бұл біреуге тиімді, ал ендігісіне тиімсіз шығар. Бірақ мен үшін ыңғайлы. Әдеттегідей төрт пән, бесіншісі өзімнің таңдауымдағы пән. Өзгермегіні де дұрыс болды, бұрынғыша дайындала беретін болдым».

Өткен жылы тест тапсырушыларға дайын жауаптар сатып, жауабы жазылған парақтар тасыған келеңсіздіктер биыл қайталанбас үшін, бейнебақылау құрылғылары мен ұялы байланыс телефондарының сигналдарын өшіретін құралдар саны артатын болды. Ал бітіруші түлектің білімін саралайтын тест сұрақтары қайта қаралып, қисынсыз сұрақтар алынып тасталды. Бұл туралы Білім және Ғылым министрлігінің өкілі Мақтағали Әбдімәжітұлы семинар барысында мәлім етті.

Тест кезінде көмектесеміз дейтін кезекшілердің саны да қысқарды. Олардың орнына бір аудиторияға бір министрлік өкілі қатысатын болды. Былтырғы жылы 87,2 орта балдық көрсеткішке қол жеткізген облысымыз, биыл қай межені бағындыратыны белгісіз.

Сондықтан бітіруші түлектер білімін арттырып, тестке сапалы дайындалуы керек.