-30 градус суықта Кентаулықтар жылусыз отыр

226

-30 градус аязда Кентаулықтар жылусыз қалды. Апат салдарынан №5ЖЭО-ы жұмысын тоқтатты. Жылу қазандықтары бірінен соң бірі істен шыққан. Әзірге оның себебі белгісіз. Сондықтан жеркілікті халық жылыну мәселесін өздері шешуге мәжбүр. Бүгін жедел түрде шахарға тағы 500 электр жылыту қондырғылары сатылымға жеткізілді. Билік өкілдері сейсенбі күні бір қазандықты жөндеу іске қосуды жоспарлап отыр. Айта өтейік Кентау тұрғындарының саны 80 мыңға жуық.

 №5 жылу-энерго орталығындағы апаттық жағдайға байланысты Кентаудың 35 мың тұрғыны пәтерлерінде жаурап отыр. Қатты аязда қала тұрғындарын жылусыз қалдырған орталық осымен екінші рет осындай жағдайға душар болды.

Апаттық жағдай туралы суық хабар сенбі күні сағат 8:00-де түскен. Сол сәтте-ақ, арнайы топ құрылып, оқиға орнына облыс әкімі Асқар Мырзахметов те жеткен. Бұл жерге Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко өзінің қызметкерлерімен де келіп жетіпті.

Ауа-райының күрт төмендеуінен трансформаторлар қатып қалып, №5 ЖЭО-на электрэнергиясы берілмей қалған. «Қазандықтар тоқтап қалып, трансформаторларды іске қосамын дегенше, мазуттар та қатып қалды. Апаттық жаңдайды қалпына келтіру үшін барлық жағдай жасалып жатыр.»-деп хабарлайды облыс әкімінің орынбасары Сакен Қаныбеков.

Бүгінгі таңда Кентаудағы мектептерде «карантин» жарияланып отыр. Жылусыз қалғандардың арасында аурухананың емделушілері де бар. Көпқабатты үйлердің тұрғындары жаурап отырса, жеке секторда тұратындар сусыз қалды. Жан-жақтан жарылған суқұбырларынан аққан су, көшені көк мұзға айналдырды.