Оңтүстікте аяздың беті қайта бастады

310

Оңтүстікте аяздың беті қайта бастады. Бірақ ауа-райы айтарлықтай жыли қоймайды дейді синоптиктер. Десек те, күшті аяздың беті қайтты. Өткен тәулікте солтүстік аудандарда түнде -25,-35 градус суық болған. Кентауда да күн жылына бастады. Ащысай метеорологиялық станциясының берген мәліметтеріне сүйенсек, бүгін түнде Кентауда 19 градус аяз болған. Күндіз -15 градус суық болады деп күтілуде.

Шымкенттегі ең төменгі ауа-райы 4-ақпан күні тіркелген. Бұл күні күндіздің өзінде ауа температурасы -19 градусқа жеткен.

Бүгін синоптиктер облыс аумағында 0,-5 градус болады деп болжап отыр. Түнде -10,-15 суық болады. 9-10 ақпан күні жауын-шашын болуы ықтимал. Тек 10-ақпан күні +5 градусқа күн жылынады деп болжайды синоптиктер.