Биыл «Арай» байқауы Түркістанда өтеді

"Арай-2012" ән байқауы

Жыл сайын жас әншілердің талантын шыңдап, канатын қатайтып, өнер саласына жол ашатын  «Арай » конкурсы биыл 23 ақпанда Түркістан қаласында өтеді.  Байқауда бағын сынағысы келетін үміткерлер 15-ақпанға дейін өтінімдерін  мәдениет және халықтық шығармашылық оралығына жіберіп үлгеруі тиіс.

Ал «Арайға» қатысуға  жолдаманы жергілікті мәдениет бөлімі береді. Үміткерлер республикалык конкурс барысында екі ән орындайды, оның бірі- патриоттық сезімді білдіретін дүние болса,  екіншісін  еркін тақырыпта шырқай алады.  Қойылатын талап-  қатысушылар әнді жанды дауыста орындауы тиіс.

Еске сала кетсек, «Арай -2011» жас эстрада әнгшілерінің байқауы Шымкенттегі Ж. Шанан атындағы қазақ драма театрында өткен болатын.

Өнер байқауына қатысып, қарымын байқатқысы келетіндер мына мекен-жай арқылы толық  мағлұматты біле алады: Шымкент қаласы, Гоголь көшесі, №21 А үй. Тел: (8-7252) 53-07-18, 53-08-37 (факс).