6-ақпанда Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Бақытжан Әшірбеков тұрғындар алдында есеп берді. Жиынға қала әкімшілігінен, Нұр Отан ХДП өкілдері сонымен қатар мәслихат депутаттары қатысты. Аудан әкімі есеп барысында өткен жылы атқарылған тірліктерді тізбектеп, келер жылдың жоспарымен бөлісті.
Өткен жыл Еңбекші аудан үшін айтарлықтай табысты жыл болды. Ауданда әлеуметтік нысандардың бірқатары күрделі жөндеуден өткен. Индустриалды иновациялық даму да қарқындылығын танытыпты. Соңғы есеп бойынша аудан аумағында 32 ірі мекемелер үздіксіз жұмыс жүргізуде. Оның ішінде 12 ауыр өнеркәсіп, 8 жеңіл өнеркісіп, 4 құрлыс индустриясы мен 2 фармация мекемесі бар. Осының нәтижесінде 11 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылыпты.
Сонымен қатар, 2011 жылы Солтүстік, Сайрам шағынаудандарғы осыған дейін шешімін таппай келген көпқабатты үйлердегі жылу мәселесі реттеліпті. Еңбекші ауданында барлығы 530 көпқабатты үй болса, оның 509-ын жылумен 3 энергоорталық АҚ -ы қамтиды, ал қалған 21 үйге жылу беру Қуат жылу орталық МКК үлесінде екен. Тағы бір айта кетері қала іргесіндегі Қайтпас 1, Бадам, Нұртас, Шаңғырақ, Азат шағын аудандарына ауыз су жүйелерін тарту жұмыстарына бюджеттен 752 млннан астам қаржы бөлініп, бұл мәсчеле толығымен шешіліпті.
Биылғы жылдың негізгі жоспары көпқабатты үйлердің есік алдына балалар алаңшасын салу негізделіп отыр. Сонымен қатар жол жөндеу жұмыстары мен мезгілінде жарықтандыру жұмыстары кезекте тұр. Жиын соңында аудан басшысы тұрғындардың ынтымақтығының нәтижесінде күн тәртібіндегі істердің ілдкімді болатынына сенім мол екенін жасырмады.