Елбасы Жолдауы — халықтың жыл сайын ерекше ықыласпен күтетін басты құжаты. Аса маңызды осы жолдау мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттер мен мақсаттарды белгілеп, саясаттың басым бағыт-бағдарын айқындайды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы Елбасының биылғы Жолдауын толықтай қолдайтындықтарын білдірді.
Жолдауды қолдау мақсатында жиналған оқытушылар құрамы және дәрігер-интерндер мен студенттер әлеуметтік салаға үлкен міндет пен жоспарлар қойып отырған биылғы жолдауға қолдау көрсетіп, оның іске асу жолдарын талқылады. Ондағы көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолдарын саралады.
Алихан Жақсылық, ОҚМФА-ның студенттер ректоры: «Біз, жастар Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдаймыз. Ертеңіміздің есті ұрпағын дайындауда мемлекет аянып қалып жатқан жоқ. Биылғы Жолдауда жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы қаралып отыр. Келешегін кемелдендіретін елімізді, оның басшысын неге құрметтемеске. Сондықтан қолдан келгенше, бізде Жолдауға қолдау көрсетіп, белсенділік танытуымыз керек».
Медициналық институтты бітірген түлек бірден дәрігер болып шыға алмайды. Сондықтан,үнемі білімді жетілдіріп отыру керек. Сонда барып, Елбасы айтқан табысты елдердің қатарына қосыларымыз хақ дейді академия ұстаздары.
Бақытжан Досыбаев, Интернатура және жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы: «Біздің академияның барлық бөлімдерінде Жолдау талқыланып жатыр. Оң бағасын беріп отырған ұжымымыз, енді бар күшімізді салып, оны жүзеге асырамыз деп ойлаймыз».
Кездесу барысында Жолдаудың жеті бағытына аса назар аударылды. Адами капиталдың сапалы өсуі, білім беру және денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мәселелеріне кеңірек тоқталды.