Шымкенттегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіндегі бағаларды қаладағы ірі сауда орындарындағы бағамен салыстырсақ, мұнда баға біршама жоғары. Мәселен мұнда сарыағаштық картоптың келісі 60 теңге, ресейлік-70. Сәбіздің бағасы 65 — ал жәрмеңкеден ол 50-ден саудалануда. Жемістер де 15-20 теңге қымбат. Сондай-ақ үшінші қабатта орналасқан ет павильонында қойдың еті-1100 теңге , ал жәрмеңкеде келісі-850 теңге.
Күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларына салыстырмалы баға:
«Керемет» көтерме сауда орталығында Жәрмеңкеде
картоп 1 кг. -60-70 теңге картоптың 1 кг.-45-55 тенге
сәбіз 1 кг. — 65 теңге сәбіз 1кг.-50-60 тн.
пияз 1 кг. -50-55 теңге пияз 1 кг.- 40 тенге.
күріш 1 кг. -150 теңгеден жоғары күріш 1 кг -130 тенге
қой еті 1 кг. -1100 теңге қой еті 1 кг. -850 теңге
Көтерме сауда орталығында ташкенттік қияр мен қызанақтың келісі 600-800 теңге аралығында.