Кедендік Одаққа мүше елдердің азаматтары 10 мың АҚШ долларын декларациясынсыз шекарадан алып өте алады

331

Кедендік Одаққа мүше елдердің азаматтары 10 мың АҚШ долларын декларациясынсыз шекарадан алып өте алады. Валюталық бақылау және реттеу заң актісіне өзгертулер енгезелді. Жаңа ереже бойынша, валютаны сырт мемлекетке алып шығу тыйымы алынып тасталды. Кедендік одаққа мүше елдердің азаматтары 10 мың АҚШ долларын декларация толтырмай-ақ  шекарадан алып өте алады. Одан өзге, төлқұжат мәселесінде де жеңілдетілді.

«Келісімді төлқұжаттық рәсімдеу ісі сыртқы-сауда келісім-шарттарына ауыстырылды. Сол аталған келісім-шарттарға міндетті түрде банк мөрі қойылуы керек,»-дейді ҚР Ұлттық банктің жетекші маманы Алтынай Шалабаева.

Мамандар жаңа өзгертулер валюта операцияларын іске асыруды жеңілдетеді деп отыр. Ал қаржы операцияларына бұрын уақыт едәуір көп кететін.