Шымкент қаласының салықшылары жылдың басында жүргізілген рейдті қорытындылауға көшті. Әл Фараби ауданы бойынша 57 мың 500-дей жылжымайтын мүлік тіркелген. Мүлік салығы бойынша аудан жоспарды орындапты. Қазынаға 54 млн.-нан астам теңге түсті. Алайда, зәулім үйдің қожайындары жауапкершіліктен жалтарып, салықшылармен есептесуге еш құлық танытпай отыр.
Талғат ЕРБОСЫНОВ, Әл Фараби ауданы бойынша салық басқармасының жетекші маманы: «Мүлік салығын төлемеген 734 азаматтың ісі сотқа жіберілді. Көлемі 4 млн. 300 мың теңгесінің. 2 миллион 100 мың теңгесі қазіргі күнде өндірілді».
Салық төлемей жүргендердің арасында «Наурыз» шағынауданының тұрғындары да бар. Оларға қатысты сот шешімдері де шыққан, бірақ үй салуға қомақты ақша тапқандар, оның бажын өтеуге шамалы шығындалғысы келмейтін сияқты.
Алтынбек Мырзабеков, Әл Фараби ауданы бойынша салық басқармасының бас маманы: «Үйме үй жүріп, ескертудеміз. Қазір Наурыз шағынауданындағы №568 учаскесінің алдында тұрмыз. Үйдің қожайыны Ерімбетова Халзада 46 174 тенге берешегі бар. 10 мыңнан бөліп төлеген, алайда негізгі берешегін әлі күнге дейін өтемеді».
Егерде кезекті ескертуден кейін де азаматтар өз қарыздарын төлемесе, сот орындаушылары соттың шешімі бойынша борышкерлердің мүлігін тәркілеуге көшеді. Салықшылар енді осындай қадамға бармақ.
Назарларыңызға Әл Фараби ауданы бойынша салық басқармасының берген мүлік салығы бойынша қарызы бар борышкерлердің тізімін ұсынамыз. Мәлімет 3 .02.2012ж.
1. Наурыз ш\а №579 учаскенің қожайыны -56 736 теңге мүлік салығын төлемеген;
2.Наурыз ш/а №14 учаскенің қожайыны-44 754 теңге;
3.Наурыз ш\а №504,511 учаскелердің қожайыны -69701 теңге;
4.Наурыз ш\а № 400 уч. иесінің қожайыны -80453 теңге;
5. төледі
6.Наурыз ш\а № 476 учаске қожайыны — 41010 тенге;
7. төледі
8. Қазиев көшесіндегі 26 үй-40904 теңге;
9.Рысқұлбеков көшесі,90 үй-38805 теңге;
10. Самал-2 ш\а №1108 уч. -65 461 теңге;
11.Наурыз ш\а № 568 уч. -46174 теңге;
12. Наурыз ш\а № 232 уч.-43286 теңге;
13.Қазиев ,24-37174 теңге;
14. Наурыз №269 уч. 77541теңге қарыз.