мега жеңілдік түні

Шымкенттегі «Мега» ойын сауық орталығында түнгі жеңілдік акциясы өтті. Аталған іс-шара осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Барлық тауарлар 90 пайыздық жеңілдікпен сатылымға шықты. Акция кешкі оннан түнгі екіге дейін созылды.

Мега үйге халықтың көп жиналғаны соншалық әлемдік брендты дүкен дүңгіршектерде ине шаншырлық орын болмады. Себебі аламан жеңілдікпен негізінен киім кешек пен аксесуарлық тауарлар сатылды. Ал тұрмыстық заттар 10 пайызға дейін төмендетілген бағамен ұсынылды.

Сондай ақ осы күні тұтынушылар үшін түрлі байқаулар мен көңіл көтерер концерттік бағдарламалар ұсынылды. Жеңілдік түні ең көп сауда жасап, 50 мың теңгеден астам ақша жұмсағандар кинотатрларға тегін билет жеңіп алады. Ал 500 мың тегеге чек жинағандарға Айпад компьютерді планшеті сыйға тартылады.

Мұндай кең көлемді шара біздің орталықта осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Ал осы шараға еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қажетін алуға келіпті. Бірі аяқ киімін түгелдеп жатсе енді бірі көктем-күз маусымына лайықты сән көйлектерді сатып алуда. Тіпті өнер адамдары мен театр саңлақтарын да осы жерден кездестірдік.

Мега ойын сауық сауда орталығы қазақстанның тек төрт қаласында ғана бар. Астана алматы, ақтөбе және шымкентте. Аталған филиалдардың барлығы бір мезетте қала тұрғындарына мерзімдік жеңілдіктерін ұсынды. Ұйымдастырушылар мұндай мерекелік акцияларды әр маусым сайын өткізу қолға алынып отыр.