Мергенбай ақын оқырмандарымен кездесті

486
Мергенбай Әбуов
Мергенбай Әбуов

А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының оқырмандары ақын Мергенбай Әбуовтың шығармашылығымен кеңірек танысты. Өз оқырмандарымен бетпе-бет жолыққан төлебилік ұстаз-ақын түркі дүнесіне деген құштарлығымен ерекшеленеді.

Ақынның өлеңдерінде өзіне ғана тән ұлттық нақыштық өрнектер көптеп кездеседі. Сол себепті болар, ақынның оқырманы жас патриоттар. «Ай бетінде кіршік бар», «Құшағымда күншуақ», «Түркілер түбірің…» атты кітапсүйер қауымның жүрегінен орын алған.

Әбілда Аймақ: «Мергенбай Әбуов аға буынның алдыңғы қатарында жұрген адам. Бұл кісінің бекерге сөйлемейтініне бек сенімдімін. Барлық ақындардың жыры секілді Мергенбай ағамыздың да жырларының тылмысы Аллаға ғана аян.»

Жүрегі «Алаш» деп соққан ақынның өлеңдері ұлтымыздың бұрынғы-соңғы тарихынан мол хабар береді. Алаштың басынан өтіп жатқан сан қилы тағдырынан сыр шертетін жырлары әдебиет зерттеушілерінің таусылмас азығы. Ақынға бұдан асқан бақыт та қажет емес.