Министрлік басшылары Сырдарияның жағдайын тікұшақпен бақылап, тұрғындармен кездесті

Сырдария өзені бойындағы ахуалды Төтенше жағдайлар және ауыл шаруашылығы вице-министрлері сала мамандарымен бірге арнайы барып көріп қайтты. Олар әзірге Отырар ауданындағы елді мекендерге аса қауіп төніп тұрған жоқ деп отыр. Өйткені дарияның суы мұз астынан ағып жатқан көрінеді. Ал судың деңгейі көтеріліп, тасыған жағдайда осы маңдағы Өгізсайға жіберу жоспарланып отыр. Мұндай жедел шараны қолданбаса, 26 елді мекеннің су астында қалу қаупі бар.

Сырдария өзені бойындағы бірнеше елдімекенге биыл да қауіп төнуі мүмкін. Себебі биылғы қысқы суықтан өзенде қатқан мұз облыс аумағындағы Сарыкөл елдімекенінен басталады. Ал өзен арнасы наурыз айында мұздан толық тазарып, қалыпқа келеді. «Қазгидрометорталығының» берген мәліметтеріне қарағанда, өзендегі мұздың қалыңдығы 15 сантиметрден асқан. Бүгінде су тасқыны қаупінің алдын алу үшін Маяқұм ауылы маңында бөгеттер салынып жатыр. Оған қазынадан 82 миллион теңге бөлінген.

Жанболат Смайылов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі: ОҚО 4 қаласы мен 4 ауданы дейміз: Отырар, Шардара, Арыс, Түркістан. Сырдарияның бойында болғанымен аудан әкімдерімен ақылдасып, қандай шаралар қолдану, өткізу керек. Төтенше жағдай болғанда, су тасқыны бола қалған жағдайда халықты қалай уақытында хабарландыру, басқа жерге алып қалу керек деп аудан, қала әкімдерімен жиналдық. Олар өздерінің ұсыныстарын білдірді».

Дарияның жағдайын тікұшақпен бақылап шыққан министрлік басшылары Маяқұм ауылында жерлігікті тұрғындармен кездесуінде аса қауіп жоқ деді. Сондай-ақ ауыл ақсақалдарының төтенше жағдайлар бойынша жасалуы тиіс жұмыстар бойынша ұсыныстары да тыңдалды.