Жастарды «Әулие Валентин»күнін тойламауға шақырамыз.  Осындай мақсатпен Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Әлеуметтік бағдарламалалар орталығының» ұйымдастыруымен  баспасөз конференция өткізді. Замандастарымыз мереке тойлау кезінде орын алатын бақытсыз жағдайлар мен ұлттық табиғатымызға жат екендігін айтады. Сондай-ақ махаббатымызды айшықтайтын 15-сәуір «Қозы- Көрпеш, Баян сұлу»күні барын алға тартты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде жастар қоғамдық бірлестік төрағалары мен белсенді  топ мүшелері 14 ақпан «Валентин» ғашықтар күнін тойлауды әдетке айналдырмауға қатысты үндеу қабылдады.

Үндеудің мақсаты:

– Жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу;

– Ұлттық бірлік пен мәдениетті кеңінен насихаттау;

– Ыстық сезім мен махаббатың баянды болуы үшін дәстүрлі тағылымымызды тұғыр ету;

– Жастар арасында 15-сәуір «Қозы- Көрпеш, Баян сұлу» күнін жандандыру бағытында бірлесе жұмыстар атқару;

«Әулие Валентиннің» ерлігін аузымызды толтырып айтып жатамыз. Ал қазақтың Қозы-Көрпештің Баян сұлуды іздеп келу жолында басынан өткізген қияндықтарын айтсақ, одан да асып түседі. Міне,  бұл дәріптейтін дүние мен бағалайтын құндылық. Осыны кеңінен насихаттасақ, махаббат бесігін тербеткен жастардың сезіміне де сіркеу түсірмес едік деп ойлаймын,- деп, ойымен бөлісті  «Әлеуметтік бағдарламалалар орталығы» талдау және мониторинг бөлімінің бастығы Жадыра Жүсіп.

Жастар осылайша ұлттық дәстүрлі насихаттауға шақырады. Алайда «Қозы- Көрпеш, Баян сұлу» атап өту- қазіргідей сыйлық беріп, ашық хат жазумен айшықталмасы анық. Сондықтан оны өз дәрежесінде лайықты өткізу жастар үшін сын болмақ.