ОҚО-ның құрылғанына 80 жыл

Туған жерге арналған шығармалар

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл. Мерейлі датаға орай облыстық жсөспірімдер кітапханасында оқушылардың қатысуымен «Нұрын шашқан Оңтүстік» атты мерекелік кеш өтті.

№9, 40, 65 мектептің оқушылары облысымыздың 80 жылдығына арнау арнап, ән шырқады. Ал кештің басты қонағы ОҚО-ның құрметті азаматы, журналист Байдулла Қонысбек болды.

«Оңтүстік өңір тек тамаша табиғатымен ғана емес, адамдары имандылығымен, жан дүниесінің байлығымен де мақтана алады. Тарихқа тұнып тұрған  киелі мекен Совет одағы кезінде, кейін Тәуелсіздік алған жылдары өте жақсы көркейді. Бес қабатты үйлер тұрғызылып, көшелер салынып, облысымыз жандана түсті. Қазір облысымыздың орталығы Шымкент қаласын ешкімге айырбастамас едім»,- деп өз ойымен бөлісті журналист Байдулла Қонысбек.

Қазақстанның ең керемет жерін алып жатқан Оңтүстік өңірі — тұнып тұрған бай тарихы бар, ата-бабаларымыздың қашаннан бергі жайлауы, құтты қонысы. Оқушылардың назарына оның әсем табиғаты мен тарихи шежіресінен сыр шертетін слайд- шоу ұсынылып, көрме ұйымдастырылды.

Аталған кеште жиналғандар қонақтардың өнегелі әңгімелерін тыңдап, рухани азық алды. Осылайша облысымыз туралы біраз мәліметке қанықты.