Патент бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтар салық органдарынан кеңес алғаны абзал. Патент негізінде өзге жұмысшылардың жұмысын пайдаланбайтын және де тапқан табысының мөлшері республикада бекітілген ең төменгі жалақының  /17439 тенге/200 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда жеке кәсіпкерлікпен қызмет жасайтын азаматтар жұмыс істей алады. Патент 12 айға дейінгі мерзімге беріледі.

Бақыт БОЛАТБЕКОВ, Әл Фараби ауданы бойынша салық басқармасының бас маманы: «Егер сіз патентті пайдалану мерзімін өткізіп алсаңыз, сізге қатысты хаттамалар түзіліп, оның негізінде комиссия әкімшілік шара көреді. 1-30 күннен асса  10 АЕК, 30 күннен   бастап 20 АЕК/ айлық есеп кеөрсеткіші/ айыппұл төлейді».

Жыл басынан патентке қатысты Әл Фараби ауданы бойынша салық басқармасында 663 мың 380 теңге соммаға 46 хаттама түзілді.