Рақымшылық заңы аясында бостандық алған азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туындады. Осы жылдан бастап Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламасын қолдау орталығы іске кірісті.
Жалпы бостандық алғандар енді осы орталыққа келіп, бос жұмыс орындарына үмткер ретінде тіркеле алады. Сондай-ақ бұл орталық тек жұмыспен қамтумен ғана шектелместен, құжаттандыру ісімен де қатар айналысады.
Бұдан бөлек, психологиялық және заңгерлік кеңес беруге де дайын. Қажет деп тапса, тіркеуге тұрғандарды сұраныс бойынша мамандандыруға әзір. Бұл аталған көмектер тегін көрсетіледі.
Бүгінгі күнде 292 азамат бостандыққа шыққан. 167 /11 Түзету бөлімінен рақымшылық заңына сәйкес бесеуінің мерзімі қысқарып, 5-уі бостандыққа шыққан.
Галымжан Махамбетов, 167/11 түзету бөлімі бастығының орынбасары: «Тұрғылықты мекен жайы бойынша, әкімшілікке, аудандық полиция бөліміне хабар береміз. Ары қарай жергілікті билік бақылап отырады. Адам бостандыққа шыққан соң, қаайда барып жұмыс ісетейтінін өзі шешеді».
Әлеуметтік қызметкерлер учаскелік полицейлермен үй үйді аралап, рақымшықылық заңына іліккендердің қайсысы тіркелген мекен жайы бойышы тұрып жатқанын анықтаймыз. Әзірге 82 азамат осы орталықпен жұмыс істеуге ниет білдірген.
Әлеуметтік орталық 35 азаматты жұмыспен қамтуда. Бірақ бұл жұмыстың жартысы ғана. Өйткені көбінің жеке куәлігі, ЖСН секілді құжаттары да жоқ.