Шымкентте алғаш рет Вена балы ұйымдастырылмақ

Дебютанттарға қойылатын талаптың бірі - дайындық сабақтарынан қалмау

Жастар өзі туралы мәлімет жазылған түйіндеме өткізіп, тіркелуге асығуда. Өйткені Шымкентте атақты Вена балы өткізілмек. Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі қолдау танытқан жобаны ұйымдастырушылар «Даму» жастар ұйымы бүгінде іріктеу шараларын өткізуде.

Талап -ережелермен таныстырған соң жастарды іріктеу басталды. Балға 17 мен 25 жас аралығындағы биге икемі бар кез келген дебьютант қатыса алады. Ол үшін арнайы екі ай дайындықтан өту керек. Кәсіби хареографтар жастарға бал биінің қыр-сырын үйрететін болады.

«Біз екі ай бойына дайындаламыз. Бұл жастар үшін өте керек деп ойлаймын және жаксы нәтиже көрсететінімізге сенімдімін, — дейді хореограф Нұрлан Жұманиязов.

Вена балының тарихына үңілсек, Вена қаласы вальс өнерінің отаны болып табылады және әлемнің көптеген мемлекетінде , оның ішінде Прага, Нью-Йорк, Рим, Токио және Мәскеу қалаларында өткізіліп келеді.

Мәселен мәскеуліктер 2011 ж 9-рет өткен Вен балында жұптар саны бойынша рекорд жасаған. 144 жұп классикалық әуен ырғағымен өнер көрсетсе, 2000-ға жуық қонақ шақырылған. Тіпті оның атауы да « Қалыңдық ізейміз» деп өзгерген. Ал қатысушыларға дресс -код қатаң түрде сақталады.

Жүз жылдық тарихы бар Вен балы қазақстанда тұңғыш рет 2007 жылы шымылдығын түрген. Содан бері 4 жыл қатарынан Алматының жастары би айдынында қалықтауда.

Ал Шымкентте өте маңызды әрі салтанатты сәт үстіміздегі жылдың 21 -сәуірінде болады. Сондай -ақ, салтанытты би кешін ҚР мәдениет министрі Дархан Мыңбай ашады. Балды атақты жүргізуші Серік Әкішев пен продюсер Баян Есентаева жүргізсе, қазақстандықтардың сүйікті әншісі Батырхан Шүкенов балдың басты қонағы болады деп жоспарлануда.

Жобаның менеджері Айжан Ергешова Вена балын Шымкентте былтыр өткізу туралы ой болғанын айтады, алайда демеуші табылмай, көптен күткен жоба жүзеге аспаған. Сондықтан биыл жобаның ойдағыдай жүзеге асатынына сенімді.

«Біз жастардың қатысуымен бал өтеді дегенде, қатты қуандық және бірден қатысуға келістік. Ал қазылар алқасы да тек лайықтыларды өткізетінінесенімдіміз»,- деп, қуанышын жасырмады қатысушылар.

Вена балы жастарды мәдениеттілікке шақыруға, классикалық музыканы насихаттап, классикалық билерді игеруге бағытталған. Ал қайырымдылық би кешінде сатылған билеттің қаржысы «Аналар мен балаларға арналған дағдарыс оралығының » құрылысының салыну жұмыстарына жұмсалады.