Алматыда жыл сайын өтетін «The besk» би конкурсынан жерлестеріміз жеңіспен оралды. Балалар өнер мектебінде тәрбиеленетін жас бишілер екі күн бойына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушылармен бірге бақ сынап жүлдеге ілінді.
Бірнеше жас ерекшеліктер бойынша өнер сайысына түскендердің ішінде Шымкенттің намысын 4 жұп қорғаса, оның екі жұбы бірінші орынды жеңіп алды. Солардың бірі 6 жасар Вадик пен 4 жасынан бастап бастап би билеген Мерей.
«Қатысушылар көп болды. Онда жасы бізден де кішілер бар. Мен былтыр дәл осы жарысқа қатсып, 4-ші орынды жеңгенмін, ал биыл бірінші орынға ие болдық. Өте қуаныштымын. «Баяу вальс,» пен «Ча-ча-ча», «Самбо» сияқты билерді орындадық», — деп, қуанышты ойымен бөлісті Вадим.
Ал бірінші орынды жеңіп алған екінші жұп Артем мен Екатерина ересектер тобында өнер көрсетті. Екатеринаның бимен айнасықанына 3 болған, алайша жас биші алғаш рет үлкен сахнада алғаш өнер көрсетіпті.
Ал оларға бірнеше жылдан бері бидің қыр-сырын үйретіп, тәрбиелеп келе жатқан тәжірибелі хореграфтар Вадим Богамолов пен Таньяна Ивановна биылғы жарыстың өте тартысты өткенін айтады. Әр жұп бірнеше нөмірден дайындап, түнгі сағат екіге дейін өнер таластырған. Ал жеңімпаздар «Самба»,» Вальс», «Ча-ча», тағы да басқа би түрлеріне дайындалып, талайлардың таңдайын қақтырды.