Бүгіннен бастап Қазақстанда заңсыз қару сақтап жүрген азаматтардың қаруларын сатып алу акциясы басталды.
ІІМ ұсынған акцияға қатысқыңыз келсе өзіңіз тұратын аудандық ішкі істер басқармасына өтінішіңізбен баруға тиістісіз. Ол бойынша тек автомат пен тапанша һәм қару ғана емес, граната мен мина, сондай-ақ, артиллерия оғы және жарылғыш заттар да қабылданады.
Автомат суық қаруы үшін 160 мың теңге алуға болады. Ал қысқа оқпанды винтовка құны 80 мың теңгеге дейін барады. Мылтық бағасы 48 мың теңге болса, жарақаттағыш тапанша 16 мыңның үстінде. Әрине, сатпақ қаруыңыздың хәлі дұрыс болғаны абзал. Әйтпесе, министрлік тарап бұзық қару үшін жарты құнын төлеуі мүмкін. Ал еш жерде тіркелмеген суық қару мен оқ-дәріні өз еркімен ала келген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатын болады.
Тағы бір ескертпе. Ішкі істер министрлігі сондай-ақ, жарылып не болмаса жарақаттауы мүмкін қару мен оқ-дәрілерді қозғаудың қажеттігі жоқ екенін айтады. Мұндай затыңыз болса, сол маңдағы полиция бөлімшесінің 102 немесе қалта төлефоны арқылы 112 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады. Ал қаруды сатып алу акциясы 31-наурызға дейін жүреді.
Асқат Шарафутдинов, ОҚО ІІД рұқсат етілген лицензиялау жүйесінің инспекторы:
«Қаруын өткізгісі келген азамат ішкі істер органдарына жеке куәлігі мен салық төлейтінін растайтын құжатын және өтініші мен ақшаны аудару үшін жинақ кітапшасын әкелуі шарт. Егер сатуға әкелінген қару-жарақ тексеру барысында бұрын тіркелген болса, ол үшін төлем жасалмайды».