Жыл басынан бері 111 шымкенттік газбен уланған

209

Жылу беру маусымының соңғы айында токсикология бөліміне бір сәтте үш адам түскен. Сондықтан мамандар тұрғындарды жылыту қондырғыларының жұмысына мұқият болуларын ескертеді. Жыл басынан Орынбаев атындағы облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының токсикология бөлімшесіне 111 адам түскен.

27-ақпан күні таңертең токсикология бөлімшесіне табиғи газбен уланған бір отбасынан үш адам түсіпті.  Апалы- сіңлілі  және бір бойжеткен  алдын өздерінің уланғанын білмеген де. Бастары ауырып, жүрек айныған соң дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Арайлым, «Самал -1» шағынауданның тұрғыны: «Түнде өзімді әлсіз сезіндім. Басым ауырып, жүрегім айнып құстым».

Мақпал, «Самал-1» шағынауданының тұрғыны: «Жылыту қондырғысы үйімізде  газбен, автоматты режимде істейді. Түнде  бір рет өшкенде, күйеуім қосқан еді. Түннің ортасында сіңлім де қайынсіңлім де басымыз айналып, жүрегіміз айнып жатыр деген соң атама айттым. Осы тұста  қызым да құсты. Жедел жәрдем шақырдық».

Дәрігерлердің мәлімдеуінше көмір тотығымен және табиғи газбен улану фактілері қала іргесіндегі жаңа пайда болған шағын аудандарда жиі кездеседі. Мұнда жаңа тұрғын үйлдердегі жылыту көздерінің сапасыздығы, мұржалардың қысқа дұрыс тазаланбауы улануға негіз болуда дейді мамандар.

Асылхан  Мыңбосынов,  токсикология бөлімінің меңгерушісі: «Биыл  жылдың басынан бөлімшеге   газбен уланған 111 адам  түсті. Былтыр ол көрсеткіш 329 адам, біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды».

Егерде азаматтар дер кезінде дәрігерлік көмек алғанда қайғылы оқиға орын алмас еді. Өйткені кейбір жағдайда адамдар уланғанын сезбей де қалады екен. Дәрігерлер егер газ не көмірмен жылытылатын үйде басыңыз ауырып, жүрегіңіз жиі соғып, айныса дер кезінде жедел жәрдем шақырыңыз, не көлік тауып токсикология бөліміне жетіңіз деп кеңес береді.