Тұтынған жылуға қарыздарыңыз жоқ па? Егерде міндетті төлемдерді мерзімінде өтемесеңіз мүліктеріңізден айрыласыз. Бүгін «3-Энергорталық» АҚ-ның қызметкерлері сот орындауышларымен бірге рейдке шықты. Мамандар 2 жыл бойы түбіртек бойынша есеп айырыспаған азаматтарды аралап, оларға тағы бір ескерту берді. Бүгінде 805,8 млн. теңге дебиторлық берешектің 687 млн.-ы тұрғындардың қарызы. 18-қаңтарда басталған айлық 18-ақпанға дейін жалғасады.
3-энергорталықтың өкілдері Республика даңғылы 16 үйде тұтарын азаматшаға бұрын да ескерту жасаған. Берешекті өндіру бойынша сот шешімі де шыққан. Алайда осыған қарамастан тұтынушының 62 мың теңгеге жуық қарызы әлі де өтелмеген. Пәтерді жалға алып тұрған отбасы отағасының табысы жетпей жатқанын алға тартады. Енді жұмысқа жақында орналасқан 3 баланың анасы төлемдерді 10 күнде өтеймін деп уәде берді. Алайда он күнде емес, бөліп телемек.
Серікқұл ДОСТАЕВ, Абай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы: «Міндеттеме берді егерде орындамаса мүліктері тізімге алынып , сатылады. Түскен қаржы жылуберушіленрдің есеп шотына аударылады.»
3-энергорталық мамандарының берген мәліметі бойынша, 805,8 млн. теңге дебиторлық берешектің 687 млн.-ы тұтынушылардың қарызы. Былтыр 225 млн. теңгені өтеу үшін 3 жарым мың іс сотқа жіберілген еді.
Асқар ШИПЕКОВ, «3-Энергорталық» АҚ-ның өкілі: «Олардың 3161 бойынша 200 млн. теңге өндіру бойынша сот шешімі шығарылды. Қала бойынша қарызы бар тұтынушылардың саны 52 мың. Борышкерлермен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 1300 тұтынушыдан «3-энергорталықтың» есеп шотына 52 млн. тенге түсті».
Бүгінде соттың өндірісінде 19 млн.-нан астам соммаға 280 талап арыз жатыр. Қарыздарын жылдап төлемегендердің мүлігі тәркіленіп қоймай, олардың банктік есеп шоттары кепілге алынады.
Жылуға 108 мың теңге қарыз Республика даңғылы 20 «в» үйдің тұрғыны есігін ашпады. Осыған қарамастан сот орындаушылары мен жылуберушілері мұнда тағы келеді. Қаңтардың 18-не бастауын алған айлық 18 ақпанға дейін жалғасады. Қорытынды жоқ емес. Орталықтың есеп шотына бүгінде 8 млн теңге түскен.
Назарларыңызға «3-Энергорталық» АҚ-ның берген борышкерлердің тізімін ұсынамыз.
Абай ауданы бойынша:
1. Республика даңғылы №20″в» үй, 4 пәтердің иесі-107 711 теңге қарыз.
2. Республика даңғылы № 16 үй, 21 пәтердің иесі-61 754 теңге қарыз.
3. Гагарина №30 үй, 54 пәтердің иесі- 63 968 теңге қарыз.
Әл Фараби ауданы бойынша:
4. Жангелдин көшесі №24 а үй, 6 пәтердің иесі-52 230 теңге қарыз.
5. Қара су көшесі №43 үй, 4 пәтердің иесі-63 743 теңге қарыз.
6. Қазыбек би №13 үй, 43 пәтердің иесі-69 278 теңге қарыз.
Еңбекші ауданы бойынша:
7. Шығыс ш\а №96 үй, 23 пәтердің иесі-146 214 теңге қарыз.
8. Теріскей ш\а №51 үй, 31 пәтердің иесі-191 514 теңге қарыз.
9. 15 ш/а №2 үй, 89 пәтердің иесі-137 067 теңге қарыз.
10. 18 ш\а №67 үй, 9 пәтердің иесі-202 969 теңге қарыз.