Қарақұмық арзандады, қант қымбаттады

312

«Бірінші қажеттіліктегі азық-түлік, нанға, өсімдік және күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдеріне бағалар өзгерген жоқ»,-дейді «Қазагромаркетингтің» мамандары. Баға қантқа біршама өскен. Жыл басында оның 1 келісі 140 теңге болса, қазіргі таңда тәттінің құны 160-180 теңгеге бір-ақ қымбаттаған.

Нұрлан Есіркепов, «Қазагромаркетинг» АҚ ОҚО филиалының бас маркетологы: «Жергілікті өндірушілердің өнімдерінің бағасы бірқалыпты. Ұнның, өсімдік және күнбағыс майына баға өспейді. Шикізат жеткілікті. Ал қантқа келсек. Ол бізге Қырғыстан, Жамбыл және алматы облыстарынан, Ресейден жеткізіледі. Өзге өңірлерде өндірілгендіктен, бағасы нарықтағы бағаға қарап өзгереді. Біз тек мониторинг жүргіземіз. Баға саясатына ықпалымыз жоқ».

Бас маркетологтың айтуынша, қарақұмықтың құны 20-30 пайызға төмендеген. Былтыр аталған дақылдың 1 келісі 300 теңгеден жоғары болатын. Алайда, бұл бағаларды зейнеткерлер қымбат дейді.

Башара БЕКМЕТОВА, зейнеткер: «40 мың теңге зейнетақы аламын. Оның жартысын коммуналдық төлемдерге төлеймін, қалғанына ұн, макарон өнімдері мен май сатып аламын. Ет жемейміз. Қымбат. Сүтті де алуға қалтамыз көтермейді. Ақша таусылғанда отырамыз келесі зейнетақымызды күтіп».

Картоптың 80 теңгеден өспегеніне тұрғындар риза. Былтыр осы мерзімде өнімнің бағасы 200 теңгеге дейін шарықтаған еді. Қазагромаркетингтің өкілдері биыл жергілікті билікпен картоп пен пияздың жеткілікті қоры жасалды деп отыр. Бұл дегеніміз бағаны тұрақтандырып, қалыпты ұстауға мүмкіндік бар. Еттің бағасы көрші облыстардағы малда анықталған аусыл ауруына қарамастан бірқалыпты. Сиыр етінің келісі 1150-1200, жылқынікі -1200-1800, а қойдың еті 1 мың теңгеге дейін.

Жомарт Аманжолов, шаруа қожалығының төрағасы: «Жамбыл,  Алматы облыстарындағы   малдардың аусыл ауруын жұқтыруы  біздің өнімдердің бағасына еш  әсері болмайды.  Жемнің  құны көтерліген сайын, еттің де бағасы қымбаттайды».

Жалпы алғанда қала базарларында баға қаңтардағыдай. Ташкенттік қияр 600-800 теңге аралығында.  Қызанақ 500 теңге. Жеміс- жидекке баға  50-100 теңге көтерілген.