Наурыздың қақ ортасы – бірақ оңтүстікке күннің әлі шуағын шашар түрі жоқ. Себебі, облыстың атмосферасы қазір ауытқымалы ауа циклонының құрсауында. Мұны өзіміздің оқымыстылар айтып отыр. Өйткені, өңірімізде соңғы жылдары салынып жатқан су қоймалары ауа-райының осылайша құбылуына әкеліп жатыр. Оңтүстіктің экологиясы мен климатын зарттеп жүрген ғалым Қорған Қарымсақов мұның себебін «Шардара» мен «Көксарай» су қоймаларының салынуымен байланыстырады.
Қорған Қарымсақов, химия ғылымдарының кандидаты: «Ең алдымен, ауа ылғалдылығы өзгереді. Яғни, көп жылдардан бері тұрақты ылғал алмасу бұзылады деген сөз. Осыған байланысты «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінен бөлінетін ылғалдың өте көп мөлшерін айтуға болады. Демек, ауада булану көп. Булану көп болды дегенше, ауа температурасы өзгереді. Ал оның салдары үлкен ауа легінің алмасуын тудырады. Бұл жағдай қыстың жазға ауысатын өтпелі кезеңінде, ауа температурасы тұрақталмаған шақ – Көктемде күннің курт суытуына алып келеді. Себебі, ауа алмасуы кезінде көп энергия жұмсалады.
Мәселенің төркінін ғалымның су қоймаларынан іздеуі заңды. Өйткені, «Шардара» су қоймасын салғаннан соң климатта біршама өзгеріс байқалғанын анықтаған ғалымдар сол кезде-ақ. Ендігі күннің күрт суытуы «Көксарайға» қатысты болып тұр. Себебі, ылғалдылық бұрынғыдан да көп.
Мәселені, — дейді Қорған Қарымсақов – реттеуге болады. Мәселен, жер қыртысы мен кейбір хауыздардың жұмысмын дұрыстау арқылы аз да болса экологияға септігіміз тиюі мүмкін, — дейді ол. Барлығының шекаралық шегі бар екенін айтқан оқымысты, дегенмен, адамзат баласы бұл күнге дейін атмосфераның шекарасын анықтай алмағынын айтады. Сондықтан мұның нақыт шешу жолы әзірге, бұлыңғыр көрінеді.
Жарайды. Бұл мәселені оқымыстылардың еншісіне қалдырдық.
Енді наурыз айының облыс үшін тарту етер сыйы қандай? Бұл сұраққа Қазгидромет мамандары наурыз айының соңына дейін жауынды-шашынды болатынын болжап отыр. Тек сәуірден бастап қана Оңтүстікке қарап күн күлуі мүмкін.
Сәуір болмай тәуір болмайды дейді ауа райын болжаушылар қыстың қытымыр суығынан шаршағандарға.