Көктем мерекесі қарсаңында әр мекеменің ер азаматтары әріптестерін құттықтап, оларға шоқ гүлдер, мерекелік көңіл күй сыйлауға асығады. Наурыздың алғашқы күндерінде өз ұстаздары мен студенттеріне концерттік бағдарлама дайындаған ұжымдардың бірі — Қазақстан халықтар достығы университетінің нағыз ер азаматтары еді.
Бүгінгі мерекелік ән-күй ұстаз, студент қыз-келіншектер қауымына арналды. Осы сара жол-білімді, әрі білікті мамандарды даярлауда осындағы еңбек етіп жүрген әйел ұстаздардың еңбегі үлкен. Бүгін 8-наурыз мейрамы қарсаңында оқу орнының 7 азаматына алғыс ха т табыстауға «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері келді.
Халықтар достығы университетінің оқу орындары қатарында алдыңғы сапта болуына үлкен үлес қосып келе жатқан профессор Рабиға Әбдімұсақызы. Медицина ғылымының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі 10 мыңнан астам маманды даярлап шығарған университеттің әлі де бағындырар биігі алда деген сенімде.
2002 жылдан бері білім нәрімен жастарды сусындатып келе жатқан университет өткен жылы республика көлемінде алдыңғы қатардағы ЖОО деген атқа ие болды. Білім шаңырағында 26 ғылым докторы, 6 академик, 90-ға жуық ғылым кандидаты еңбек етіп келеді. Түлектер бүгінгі таңда ресей және елімізде жұмыс істейді.
Бүгінгі кештің қызықты өтуіне университет мақтанышы Астанадан жақында ғана олжалы оралып, жоғарғы лигаға жолдама алған көңілді тапқырлар клубының жігіттері ат салысты.