Мақтарал ауданында қылмысты дер кезінде тіркемей, заңбұзушылыққа жол берген 17 полиция қызметкеріне тәртіптік шара көрілді.
Аудандық прокуратура қызметкерлері кезекті жұмыс жоспарына сәйкес аудандық ішкі істер басқармасында, оның 1 және 2 полиция бөлімдерінде «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның орындалу барысына қатысты тексеру жүргізеді. Сөйтсе…
Мақтарал аудандық ішкі істер басқармасы бойынша -1066, осы басқармаға қарасты №1 полиция бөлімі-458, №2 полиция бөлімі-1889 өтінішті тіркемегені анықталды. Аталған заң бұзушылықтарға АІІБ-ның және 1, 2-ПБ-нің, көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері жол берген.
Тексеру қорытындысы бойынша 17 полиция қызметкерді тәртіптік жаза күтіп тұр.
Кеңестік идеология заманында «менің милициям- мені қорғайды» деген ұран болушы еді…Бүгінгі полиция қызметкерлері қорғаудың орнына…деп қаласың осындай дәйектерден соң.