Елімізде 12 наурыздан басталған «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы 14 наурыз күні өз мәресіне жетіп, қорытындыланды. Шараны ҚР ІІМ-і ұйымдастырған болатын. Мақсаты — әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсететіндердің әрекетіне тосқауыл қою.
«Сана Сезім» құқықтық орталығы мен құқықорғау саласының мамандары үш күн бойы Шымкенттің көшелерінде нәзік жанды азаматтарға таратқан бүктемелерде жұбайы қорлап, үйден қуғандарға арнап нұсқаулық көрсетілген. Дәл сонда үй жағдайындағы зорлық-зомбылықтан құтылудың жолы айтылып, түсіндірілді. Мәселен, сондағы шағын нұсқамаларға алғашқы болып ие болғандардың бірі Рухана Ахметова отбасында бұл мәселеде қиындық жоқ екенін айтады. Бірақ білгеннің зияны жоқ дейді ол.
Рухана АХМЕТОВА: «Мен бұл акцияны ұйымдастырушыларды қолдаймын. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қашан да селқос қарамаған дұрыс. Оның алдын алуды үйреткен абзал. Егер маған басқа тараптан күштеу болып жатса ол шақта кімге хабарласу керегін енді мен білемін».
Шымкенттегі нәзік жандылар енді үйдегі зорлық-зомбылыққа үнсіз қарап отыра алмайды. Бұл үшін «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясын ұйымдастырушылар аянбай тер төгуде. Полицейлермен бірге жәбір көрген әйелдерге болысқан «Сана Сезім» орталығының көшбасшылары әлдекімнен қорлық көрсеңіз, дереу бізге келіңіз дейді.
Элина ЕНИКЕЕВА, «Сана сезім» құқықтық орталығының заңгері: «Біз құқыққорғау орындарының қызметкерлерімен бірге жұмыс жасаймыз. Қиын жағдайға ұшырыған нәзік жандыларға осы кезеңде заңнамалық және психологиялық көмек көрсетіп, ісі сот арқылы шешілгенше болысамыз».
Акция аясында қоғамдық көшбасшылар мен полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізбек ниетте. Кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер, колледж және жоағрғы оқу орындары — олардың отбасы жәбіріндегі кейбір сырларды айтуға арналған бағыттары болып табылады.
Алма СЕРҒАЗИЕВА, ОҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға иснпекторы: «Бізге шағымданатын әйелдердің саны күн санап артуда десем қаталеспеймін. Бұрындары адам тәніне зақым келмесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтын. Қазір біреуді балағаттаса болғаны, жазасын тарттыруға мүмкіндік бар».
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, өткен жылы әйелдерге қарсы оның туыстары тарапынан 40 қылмыстық іс тіркелген. Оның 14-і нәзік жандылардың өлімімен аяқталыпты.