2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындарда 361,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 45 млрд. теңгеге өсті. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 241,7 млрд. теңге, Таукен өнеркәсібінде 82,7 млрд. өнімі өндірілді.
Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 36 кәсіпорында 1 901 жұмыс орны ашылды. «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 4,5 млрд. теңгеге 2 534 жоба қаржыландырылды. Облыс экономикасын дамытуға 273,0 млрд. теңгеге инвестиция тартылды».
Оңтүстік арнайы экономикалық аймағының инфроқұрылымы теміржолдан басқа толық аяқталды. 2011 жылы кашемир тоқыма өнімдерін шығаратын кәсіпорын ашылды. Сапа менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындар мен мекемелердің саны 30 пайызға өсіп,313 -ке жетті.
Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Былтыр шағын және орта бизнестегі / ШОБ/ субъектілерінің саны 124 мың бірлікті құрады. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 10,3 мың бірлікке артты. ШОБ-та 468,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 137 млрд. теңгеге өсті».
2011 жылы ШОБ түрлі операциялық шығындарын, әкімшілік кедергілерді қосымша 30 пайызға төмендету ұсынысы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жолданды. Нәтижесінде заңды тұлғаларды тіркеу және жою процедурасын жеңілдеті үшін ШОБ субъектілерінің құрылтайшылық құжаттарды міндетті түрде нотариалды куәліандыру рәсімі жойылды. 26 бағыттағы 123 лицензияны министрлікке бармай-ақ, құжаттарды электронды түрде жолдап, лицензияны алуға мүмкіндік жасалды.