Жаңа технологияның жетістігі. Шымкент қаласында алғаш рет балабақшалар арасында өткен республикалық семинар онлайн режимінде өтті. Мектеп жасына дейінгі балаларды үй жағдайында мектепке дейін тәрбиелеу мен оқытуға арналған конференция бір сағат бойына жүргізілді.
Онлайн байланысқа республикамыздың Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы мен Астана және Қостанай қаласының мекеме басшылары, балабақша қызметкерлері, тәрбиеленушілері қатысты.
Конференцияны алғаш болып бастаған Орал қаласындағы №27 балалар бақшасының әдіскері Хлюстова Т.И. балаларды тәрбиелеуде қоғам мен отбасын бірге қамтудың тиімділігі жөнінде лекция оқыса, Қостанайдағы «Балбөбек» балалар бақшасының әдіскері Ионова С.П. «Дошколята» ата-аналар клубының жұмысымен таныстырды.
Ал Оңтүстік Қазақстан облысының атынан қаламыздағы №41″Балбөбек» балабақшасының жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Семинар тренингте балалардың топта дұрыс қарым-қатынас жасауға дем беру, баласы анасына немесе анасы баласына көмектесу, кедергілерді бірлесе шешуге үйрету сынды міндеттерді орындады.
Алғашқы онлайн семинарды ойдағыдай атқарған ұйымдастырушылар бұл дәстүрді жалғастыруды көздеп отыр.