8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Шымкенттің іскер әйелдеріне құрмет көрсетілді.
Қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов, қала әкімінің жанынан құрылған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелерін атаулы мерекелерімен құттықтады.»Барша әйелдер қауымын көктемнің алғашқы мерекесімен қала әкімінің атынан шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын. Қаламызда іскер әйелдер саны жыл санап артып келеді. Осының өзі, гендерлік саясаттың дұрыс бағытын көрсетеді»,-деген Б.Нарымбетов, барлық қыз-келіншектерге естелік сыйлығы мен бір шоқ гүлін ұсынды.
Айтпақшы, комиссия мүшелері, өздерінің хатшылары Галина Александровнаны құрметті зейнет демалысына салтанатты түрде шығарып салды.
Галина Александровна: «Сіздермен бірге өткен уақытым, өмірімнің ең қызық сәттері болды. Қаншама әйелдің тағдырына нұр сыйлап, өзекті мәселелерін шешіп бердік. Әрине, әр еңбектің өз зейнеті бар. Осындай құрмет көрсетіп жатқандарыңызға көп рахмет».