Кентаулықтар арықтарын тазалауға көшті

317
Кентау

Биылғы қардың қалың түсуі Оңтүстік жұртшылығын әуреге салып отыр. Барлық өңірлерде су тасқыны орын алу қаупі бар. Мұндай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Кентаулықтар да тынымсыз дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көше бойындағы арықтар қоқыстан тазаланып, толып қалған су құбырлары тазартылуда.

Қазақтар жыл санауындағы ұлу жылын — астық, шөп мол болады деп, оны жайлы, жұмсақ жыл санайтын. Еліміздің оңтүстігіне молынан жауған қар барша жанға берекесін төккелі тұр. Алайда, еріген қар мен жауған жауынның тасқын су алу қаупінен сақтанған кентаулықтар көше бойындағы арық-атыздарды тазалап, толып қалған су құбырларын қоқыстардан тазартуда.

ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ — КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:»1987 жылдары 3 қатар кәріз жолдары 42 км құбыр түскен. Қазіргі уақытқа дейін бітеліп көшелерді су алып жатқан. Су шығып әбіржіткен жерлерді рақмет жөндеп жатқанына».

20 жылдай уақыттан бері тозығы жектен 42 шақырымдық дренажды жүйелер құм мен қоқысқа толған. Қазіргі таңда «Жасыл Кентау» мекемесі қаладан төмен орналасқан Бүргем елдімекенін жиналған сулардан арашалауда. Өзекті деп танылған 1,5 метр тереңдіктегі кәріз жолдарының 3 шақырымын тазалап бітті. Есік алдындағы су жүйелерін тұрмыстағы қоқыстар мен темір-тесекке толтырып, арнайы контейнерлерге баруға ерінетін тұрғындарды жергілікті билік тазалыққа шақырып отыр.

МАХМҰТ ҚОНЫСОВ — КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Әркім өз ауласындағы арық атыздарды тазалау керек. Жерлестерімді осыған шақырар едім. кетпен, күрек алып тазалап шықсақ».

Жертөлелер мен үй жанында үйілген үйінді сулар арықтар арқылы ел сыртына жіберіліп жатыр. Ал, бүргемдіктер көше төселіп, бағыттық автокөліктер жүретін күнді аңсап отыр. Апаттың алдын алу жұмыстары жалғасуда.