Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға зейнетақыны операторлар жеткізеді

271

Мүмкіндігі шектеулі зейнеткерлер сайтымызға хабарласып, үйлеріне жеткізіліп берілетін зейнетақының кешігіп жатқанын айтты. Белгілі болғаны оның өз себебі бар болып шықты. Қазпошта мамандары наурыз айынан бастап зейнетақыны операторлар жеткізетін мәлімдеді. Тек басылымдар мен аудармалар және де сәлемдемені азаматтарға мекен жайы бойынша тасиды.

Лидия Ивановна зейнетақысын наурыздың 4-5 күндері алатын. Алайда бұл жолы қаражат оның қолына уақытысында түспеді. Бір ғана зейнетақыға күн көріп отырған мүгедек жан үшін бұл қиынға соққаны анық.

Лидия СЕРБОВА, зейнеткер: «Оларда барлығы өзгеріп жатыр дейді. Біреулер енді пошташымыз зейнетақыны әкелмейді, басқа адам әкеледі дейді. Мерекенің алдында біреулер балаңыз есірткімен ұсталды, ақша бермесеңіз, жағдайы жаман, түрмеге отырады деп телефон соқты. Есім шығып, зейнетақыны алмағанмын. Қосымша қажет болады деп сақтап отырған 10 мың теңгемді келген жігіттерге бердім. Сөйтсем алаяқтар екен. қазір жаңа біреу келес, оның поштадан келгенін қайдан білемін».

Зейнеткердің қауіптенуіне де негіз бар. Өйткені қоғамда болып жатқан оқиғалардан ол да хабардар. Енді зейнетақыны мүмкіндігі шектеулі азаматтарға наурыз айынан бастап операторлар жеткізіп береді. Ал зейнеткерлер күдіктенбесі үшін мамандар құжатын көрсетсе артық болмайды. Байланыс қызметкерлерінің мәлімдеуінше қолайлы, жаңа жүйе қолданысқа осы айда енгізілгендіктен аздап күрделіктер де болған.

Айша Байекеева, Қазпошта АҚ ОҚОФ директорының орынбасары: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға зейнет пен жәрдем ақыны операторлар тасиды.Операторлар мекен -жайлармен жақсы танысқанша, зейнтақы 2-3, бірнеше  күнге  кешігуі мүмкін. Пошташылар болса,енді тек газет, аударымдар мен сәлемдемелердің келгені жайлы хабарлама қағазын азаматтарға жеткізеді. Мамыр айынан бастап аталған санаттағы азаматтар кестеге сәйкес айдың алғашқы күндерінде зейнет пен жәрдем ақысын алады».

Әйелдер мерекесіне ақшалай аударылым күткен Раиса Арзамасова сәлемдеге тек демалыс күндерден кейін және арнамыздың араласуы арқасында қол жеткізді.

Раиса Арзамасова, зейнеткер: «Қыс биыл созылып, көміріміз де біткен. Рудный қаласында тұратын әпкем  40 мың теңге 29 ақпанда жіберген екен. Мейраммен құттықтап хабарласқан едім. Әлі алмадың ба, мен саған аударылым жібердім ғой дейді. Келінім  поштаға барса,  қазір зейнетақы беріп жатырмыз кейін келіңдер депті. Мен өзім саяжайда тұрамын. Екі рет инсульт алғанмын. Өзіме тиесілі ақшаға қол жеткіземін деп, жүйкем тозды».

Раиса Алексеевнаның үйі поштаға  жақын. Соның өзінде қызметкерлер келген жоқ, өзі барып алуға мәжбүр болды. Ал өзге шағынаудандарда тұратындардың жағдайы қандай екен деп таңқалады зейнеткер.Мен сияқты денсаулығы жоқ қарияларға зейнетақының ауадай қажет екендігін тек өздері қартайғанда түсінеді ме екен?-деп ашынады тұрғын.