Халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру үшін оның экономикасының тамырын бекемдеп алған дұрыс. Елбасының халыққа жолдаған кезекті жолдауындағы кәсіпкерлікке байланысты тұстарын «НұрОтан» партиясының ОҚО-дағы өкілдері талқылады.
Бұл бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттен осы жылы 7,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде бірінші бағыта 3,9 млрд теңге, екінші бағытқа 1,8 милрд теңге. Үшінші бағытқа 1,6 млрд теңге қарастырылып, Жастар практикасын ұйымдастыруға 191 млн. теңге берілген.
Кәсіпкерлікті дамытамыз дегендер осы жылы кәсіби оқытудың және жұмыспен қамтудың нәтижелі жүйесін қалыптастырмақ. Ол үшін 17 475 адамды осы шараға қатыстыру болжамдануда. Бұл бағытқа мемлекет 4 млрдқа жуық теңге бөліпті. Ал ауылдық жерлердегі кәсіпкерліктің дамуы үшін 2 млрд теңгеге мың адамды оқыту жоспарлануда.
Еңбек ресурстарын ұтымды ету үшін Шымкентке 1566 адамды қайта қоныстармақ. Бұл үшін 480 пәтерлі көпқабатты үй қажет деп тауыпты кәсіпкерлікті көркейтудің кілтін тапқандар.