Наурыз меркесіне орай, Шымкент «Мега орталығы» қаланың қонақтары мен тұрғындарына арнап орасан зор қойылымдар мен түрлі жанрда жүлделер ұйымдастырды. Әсіресе, ұлттық би топтары көрермендерге қуаныш сыйласа, ұлттық киімдегі арулар барлық келушілерге дәмді тәттілерден дәм тарттырд.
Дәмді бауырсақтар мен тәтті күлшелерден дәм татып, мерекелiк бағдарламаны тамашалау үшін көрермендер көптеп жиналды. Ересектер мен қатар балалар да сахнадағы қойылымды ынта жігерімен бақылады. Ал «Тұмар» және «Қара көз» би топтары ұлттық билерімен мереке көркін кіргізсе, филармония әншілері әннен шашу шашты.
Шырын Әділова, Мега-Шымкент сауда үйінің жарнама бөлімінің ассистенті: «Наурыз мерекесін атап өту үшін барлық қала тұрғындарын шақырдық. Түрлі ойын-сауық ұйымдастырып жатырмыз, ал оған қатысушылардың ешқайсысы сыйлықсыз қалмады».
Наурыз мерекесі-балалар көзімен! — бұл бала суреттерi көрмесiнiң негiзгi ұраны. 5 және 13 жас шамасындағы балдырғандар қағазға өз наурыз мерекелерін салды. Ал «Мега орталықтың» әкімшілігі үш жеңімпазды таңдап алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сауда орталығының алдында қонақжайлылықтың исі аңқып тұрды. Ақсақалдар қауымы қазақ дәстүрінің құндылығын айтып, жиналған көпшілікті қызыққа қосып, балауыз бауырсақтардан дәм татқызды. Ұлттық киімді арулар күні бойын келушілерге бауырсақ таратудан шаршамады.
Анара Ахметова, қала тұрғыны: «Көпшіліктің көңілі көтеріңкі. Балалар да қуанышты. Біз оларға бауырсақ беріп жатқанда, бар ризашылықтарын білдіріп жатыр. Бүгін керемет күн».
Ал ұлттық киіммен Мега орталыққа келген әрбір жан сахна төріне шығып, өз киімдерін көпшілкке көрсетіп, сыйлық алды. Киім үлгісін ұсынушы Алуа Ұлықбек ең жас қатысушы. Ол екі жаста екен. Міне, осылайша Наурыз-думанды атап өткен Мега орталықтың қонақтары бірін-бірі ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.